Даниил Уткиннен әдемі пас алған Максим қақпаны дәл көздеді
Қазақстан құрамасы мен Грозныйдың «Ахмат» клубының шабуылшысы Максим Самородов клуб сапында РПЛ-дағы үшінші голын соқты.
Ол 17-турда Мәскеудің «Динамо» клубына қарсы ойынның 22-минутында мергендігімен көзге түсті. Даниил Уткиннен әдемі пас алған Максим қақпаны дәл көздеді. Кездесудің бірінші таймында Грозный клубы есепте алда келеді - 1:0.
Айта кетейік, Самородов РПЛ-да қатарынан екінші матчта гол соқты. Бұған дейін ол «Крылья Советов» қақпасын дәл көздегенімен, «Ахмат» жеңіске жете алған жоқ - 1:2.
Бұдан бөлек Самородов кубок ойынында «Зенит» қақпасына гол солды - 1:2.
Қазір еншісінде тоғыз ұпай бар «Ахмат» РПЛ-да 15-орында келеді.