Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Өте кәсіби ойыншы»: «Бешикташ» бапкері Зайнутдиновке жоғары баға берді

Редактор
03.12.2024, 21:48

Отандасымыз ұзақ үзілістен кейін алғаш рет алаңға шықты

Getty images

Түркияның «Бешикташ» командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Сердар Топрактепе қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов туралы пікір білдірді.

Айта кетейік, отандасымыз ұзақ үзілістен кейін алғаш рет Түркия чемпионатының 14-турында алаңға шыққан еді.

«Қосалқы құрамнан шыққан ойыншылар да өз үлестерін қосуға тырысып жатыр. 
Осы ойында үзілістен кейін алаңға шыққан Алекс пен Кан да біздің команданың бір бөлшегі. Олар да ойынға араласуы тиіс. Біз барлығымыз бір мақсатқа жетуді қалаймыз. Зайнутдинов — әрдайым дайын тұратын, өте кәсіби ойыншы. Ұзақ уақыт бойы ойнамаған футболшының бірден ойнап кетуі оңай емес. Бұлшық еттің тартылуы, жарақаттар болуы мүмкін», — деді бапкер Ntvspor.net басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Топрактепе бұрынғы бас бапкер Джованни ван Бронкхорст қызметінен кеткен соң міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Соңғы ойында «Бешикташ» сырт алаңда «Хатайспормен» тең ойнады (1:1). Зайнутдинов алаңға 85-минутта қосалқы құрамнан шықты.

Жарнама
Жарнама