АПЛ-дың ең көп жалақы алған футболшылардың көшін Гарет Бэйл бастады

Редактор
19.12.2023, 11:00

Кришитиану Роналду екінші орында

Чемпионат.ру

The Sun басылымы футболдан Ағылшын премьер-лигасында әр маусымда (1992 жылдан бастап) өнер көрсетіп, жоғары жалақы алған ойыншылардың тізімін жариялады.

Ең бірінші маусымда (1992/93) «Ливерпуль» ойыншысы Джон Барнсқа жетер ешкім болмаған. Ол кезде футболшының апталық жалақысы 10 мың фунт стерлингті құрапты.

Ал, 2000-2013 жылдар аралығында әйгілі аргентиналық шабуылшы Карлос Тевес АПЛ-дың ең көп жалақы алатын ойыншысы деген атақты ешкімге бермей келді. «Манчестер Сити» оған аптасына 250 мың фунт төлеп келген.

Тевестен кейін бұл статус «МЮ» ойыншысы Уэйн Руниге өтті. Оның ір апталық жалақысы – 300 мың фунт.

Ал, даңқты Криштиану Роналду болса бұл тізімде екінші орыннан көтеріле алмады. «Манчестер Юнайтедке» екінші рет келгенде оның апталық табысы 480 мың фунтты құраған. Бұл уақытта Тоттенхэмде өнер көрсетіп жүрген Гарет Бэйл 560 мың фунт жалақы алып, рейтингтің көшін бастап тұрды.

Қазіргі маусымда ең жоғары апталық жалақыны «Манчестер сити» ойыншысы Кевин де Брюйне алады, құны – 400 мың фунт.