Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысын қарақшылар ұрлап кеткен

Редактор
19.12.2023, 12:42

Оның басына небәрі 18 мың доллар талап етіпті

Спорт-Экспресс

Бразилия ұлттық құрамасының және испандық «Валенсия» клубының экс-футболшысы Марселиньо Кариоканы белгісіз біреулер ұрлап кетіп, туыстарынан ақша талап еткен деп жазады «Газета.ру».

Экс-футболшыны 17 желтоқсанда концерттен шыққаннан кейін ұрлап кеткен. Оның жанында жас әйел болған деп жазады жергілікті басылымдар. Полицейлер Марселиньоның автокөлігін концерт өткен жерден 25 шақырым қашықтықтан тапты. Артынша, белгісіз ер адам оның туысарына хабарласып, босату үшін 18 мың доллар талап етіпті.

Араға бір тәулік салып полицейлер күдікті екі адамды ұстады. Марселиньо дін аман, ол артынша әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, өзін ұрлаған адамның жанындағы жас әйелдің күйеуі екенін мәлімдеген.

Кариока қазір 52 жаста. Ол өзінің футболдағы мансабын 2009 жылы жергілікті «Санту-Андре» клубында аяқтады. Еуропада ол «Валенсия» мен «Аяччо» клубтарында ойнап танымал болған. Ұлттық құрамада 1998-2001 жылдар аралығында өнер көрсеткен.