«Мені өзгелермен салыстырмаңдар»: Игорь Щацкий «Шахтерге» оралғаннан кейін алғашқы пікірін айтты

Редактор
09.12.2024, 16:13

Қарағандылық клуб биылғы сәтсіздіктен кейін команданы қайта жасақтап жатыр

Olimpbet

Қарағандылық «Шахтер» Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Щацкийдің командаға оралғанын хабарлады. Бұл туралы футболшының өзі және Olimpbet компаниясының бренд елшісі арнайы Olimpbet Arena-ға қысқаша пікір білдірді.

— Игорь, неліктен туған жеріңізге оралдыңыз? Бұл сауал қазір көп жанкүйердің көкейінде жүр.

– Бұл – мені өсірген, жетілдірген клуб, қазір оған көмек керек. Менің ғана емес, көп адамның көмегі керек.

— Olimpbet QFL Премьер-Лигасының басқа клубтарынан ұсыныс болды ма?

— Ұсыныстар болды және жалғыз емес. Мен клубтардың атын атап, түсін түстегім келмейді. Менің ойымша, бұл этикаға жатпайды.

— Сіздің бұл қадамыңызды жанкүйерлердің көбі әйгілі Буффонның таңдауына ұқсатады. Кезінде «Ювентус» «В» сериясына түсіп қалғанына қарамастан Буффон туриндік клубты тастамады. Жанкүйерлердің пікірімен келісесіз бе?

– Жоқ, келіспеймін. Мен салыстыруды мүлдем ұнатпаймын. Оның үстіне, Буффон екеуміздің тарихымыз мүлде екі бөлік, мен моральдық-логикалық принциптен бастадым.

— Жаңа келісімшарт қанша уақытқа жасалды?

— Мен біраз уақыт Премьер-Лигада ойнаймын деп ойлаймын.

Естеріңізге салайық, 35 жастағы қақпашы футболдағы мансабының көп бөлігін «Шахтер» клубында өткізді. Өткен маусымда ол «Ақтөбе» сапында өнер көрсетті, онда командамен бірге Қазақстан кубогын және 2024 жылғы ҚПЛ қола жүлдесін жеңіп алды. 

Биыл маусым соңында «Шахтер» Бірінші лигаға түсіп қалды. Қарағандыға оралу туралы шешім қабылданғаннан кейін Игорь Шацкий Instagram желісінде ақтөбелік клубқа алғыс айтып, «Шахтерді» Премьер-лигаға қайтару үшін бар күш-жігерін салуға уәде берді.