«Қаласақ та, қаламасақ та»: Черчесов Қазақстандағы алғашқы жылын қорытындылады

Редактор
09.12.2024, 18:11

Бас бапкер маусымды қорытындылады

kazfootball.kz

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов «Матч ТВ-ға» берген сұхбатында жаңа командасындағы алғашқы жылын қорытындылады.

– Сіз үшін 2024 жыл қалай өтті? 

– Жұмыспен өтті. Команда құрылымы жасақталып жатыр. Ұлттар лигасында біраз қиын матч өткіздік, көп нәрсе үйрендік. Қаласақ та, қаламасақ та, қазіргі уақытта біздің бапкерлер штабы – мұндай жоғары деңгейдегі қарсыластармен кездескен алғашқы ұжым. Мұның бәрін бастан өткергеніме қуаныштымын және бапкер ретінде қорытындылар жасадым.

– Қазақстан мен Ресей БАҚ өкілдерінің қысымында айырмашалық бар ма?

– Қысым – медициналық термин. Біздікі қалыпты (күліп). Ал сіздің бауырыңыздың, біз қай жаққа барсақ та, талабы өзгермейді – нәтиже сұрайды және бұл өте дұрыс. Сіздің әріптестеріңізді құрметтеймін, тек кейде кәсіби сұрақтарға қарағанда, эмоциялық сұрақтар қойылып жатады. Дегенмен сенің қалауың мүмкіндіктеріңмен ұштаспай жататын кездер болады», - деді Черчесов.

Айта кетейік, Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін маусымда алды. Оның шәкірттері Ұлттар лигасының В дивизионындағы алты матчта бір ұпайға ғана иелік етті.

Материалда: