Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Түркияда футбол клубының президенті төрешіге наразылығын ерекше жолмен білдірді

Редактор
20.12.2023, 09:47

Бұған дейін «Анкарагюджю» клубының президенті төрешіні ұрып тастаған болатын

fanatik.com.tr

Түркияның Суперлигасында тағы дау-дамай: 17-тур аясында өткен «Истанбулспор» мен «Трабзонспор» арасындағы матч соңына дейін жетпей, ойыншылар алаңды тастап кетті.

Ойынның 68-минутында «Трабзонспор» шабуылшысы Пол Онуачу гол соғып, өз командасын алға шығарғаннан кейін (2:1) «Истанбулспор» басшылары дереу наразылық білдірген. Өйткені, гол соғылмастан бұрын «Трабзонспор» ойыншыларының бірі қарсылас команданың ойыншысын ұрып жіберген екен, яғни ереже бұзылған. Төреші VAR қараған, алайда ереже бұзылмады деп, соғылған голды есепке алыпты.

Мұнан кейін ашуға булыққан «Истанбулспордың» президенті Эджмель Сарыалиоглу төрешілер тобының жұмысына қанағаттанбайтынын айтып, командасын алаңнан әкетіп қалды.

Стамбұлдық команданың футболшылары клуб президентінен бұлай жасамауды жалынып сұраған. Алайда, Сарыалиоглу теріс бұрылмады.

Жарнама
Жарнама