Қазақстан құрамасының экс-капитаны «Жетісудың» бас бапкері болады

Редактор
20.12.2023, 12:20

Ол өткен маусымда «Мақтаарал» клубының бапкері болған

olympic.kz

Ұзақ жылдар футболдан Қазақстан құрамасында доп тепкен Қайрат Нұрдәулетов келесі маусымнан бастап «Жетісу» клубын жаттықтыратын болады. Бұл туралы талдықорғандық команданың баспасөз қызметі хабарлаған.

«Қазақстан құрамасының экс-капитаны, Қазақстан чемпионы, ҚР Кубогінің иегері, қазақ футболының аңызы Нұрдәулетов Қайрат Жұмабекұлы талдықорғандық клубтың бас бапкері болып тағайындалды. Қайрат Жұмабекұлы футболшы ретінде «ЦСКА-Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Қайрат», «Тобыл», «Астана» және «Қайсар» командаларында ойнады. Спорттағы мансабын аяқтағаннан кейін Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерлік штабының қатарына енсе, артынша жастар құрамасының бас бапкері болды», - делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, Қайрат Нұрдәулетов өткен маусымда «Мақтаарал» клубының бапкері болған.