Черчесов Қазақстан құрамасынан кетуі керек пе? Магомед Адиев пікірін айтты

Редактор
14.12.2024, 10:03

Черчесовтың отставкасын талап еткендер саны көп

Голубович Дмитрий, «Чемпионат»

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылып, Қазақстан құрамасы J тобына түскен болатын. Ойындар келер жылдың наурызында басталып, қараша айында аяқталады. Құраманың бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов осыған орай пікір білдіріп, команданың әлеуетіне тоқталды.

«ВсеПроСпорт» тілшісіне сұхбат берген Адиев Қазақстан ойыншыларының бәсекеге қабілетті болатынына үміттенетінін айтты.

«Дәл қазір Қазақстанның мүмкіндігі туралы болжағым келмейді, ол – бас бапкердің жұмысы. Бельгияның басты фаворит екені түсінікті, бірақ қазір топтағы командалардың барлығы жақсы ойнап үйренген. Қазақстан да бәсекеге қабілетті болады деп үміттенем және жанкүйер боламын. Ал, Черчесов отставкаға кете ме деген сұраққа нақты жауап бермеймін, мұны бас бапкердің өзі және жаңадан тағайындалатын ҚФФ президенті шешеді. Қалай болғанда да, тараптардың бәрі ұтымды шешім қабылдасын деп тілеймін», - деді Магомед Адиев.

Айта кетейік, Станислав Черчесов ұлттық құрамаға биыл жазда бас бапкер болып тағайындалды. Ол келгелі Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында өнер көрсетіп, масқарамен B тобынан шығып қалды. Алты матч өткізген команда оның бесеуінде жеңіліп, біреуінде тең ойнаған және өз қақпасына 15 гол жіберіп, қарсыластардың қақпасына бірде-бір гол соға алмаған.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы J тобында Бельгия, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамаларымен мықтыны анықтайды.