Үміткерлердің басым көпшілігі – жастар
20 желтоқсанда Қазақстан футбол федерациясына жаңа президент сайланады. Алты үміткердің бар екенін бұған дейін жазғанбыз. Ал, олардың федерацияны басқаруға қайсысы лайықты және кімнің мүмкіндігі мол? «Бірінші бол» резиденттері кезекті подкастта осы сұрақтардың жауабын іздеп көрді.
Спорт журналистері Ермұхамед Мәулен мен Нұрсұлтан Құрманның пікірінше, алты үміткердің ішінде Марат Омаровтың сайлауда жеңу мүмкіндігі басым. Ал, Олжас Байбосын болса жаңа президент мемлекеттік тілді білуге міндетті дейді.
Айта кететін бір жайт, үміткерлердің басым көпшілігі – жастар. Толық тізім төмендегідей: