Қазақстан футзал құрамасы ӘЧ-2024 іріктеуінің соңғы ойынын да жеңіспен аяқтады

Редактор
21.12.2023, 00:33

Әлем чемпионаты күзде Өзбекстанда өтеді

instagram.com/kff_team_futsal/

Футзалдан 2024 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу ойындары аясында Қазақстан құрамасы соңғы матчын өткізді. Бухаресте Румыниямен кездескен Рикардо Кака шәкірттері 2:0 есебімен жеңіске жетіп, топтық кезеңде мүмкін болған ұпайдың барлығын түгел еншіледі.

Ойынның бірінші таймында Шыңғыс Есенаманов дәл соққысымен көзге түссе, екінші таймда Біржан Оразов есепті еселеді.

Айта кету керек, бұл матчтың нәтижесі Қазақстанның жарыс кестесіндегі орнына еш әсерін тигізбейтін. Өйткені, біздің құрама бұған дейінгі барлық бес ойында жеңіске жетіп, Әлем чемпионатына берілетін жолдаманы жеңіп алған.

Материалда: