«Астана» ФК еурокубок ойындарынан 5,3 млн еуро пайда тапты

Редактор
21.12.2023, 15:49

Ең аз табыс «Ордабасы» клубында

fcastana.kz

Қазақстанның футбол клубтары үшін еурокубок ойындары аяқталды. Соңғы үміт саналған «Астананың» өзі Конфкеренция лигасында топтан шыға алмады. «Дядя Ваня» Telegram-каналы біздің футбол командаларының осынау жарыстарға қатысу арқылы қанша табыс тапқанын жариялады.

Еске салайық, биыл еурокубоктік турнирлерге Қазақстаннан «Астана», «Тобыл», «Ақтөбе» және «Ордабасы» қатысты. Астаналық клубтан басқасының бәрі іріктеу кезеңінен ары аса алмаған.

«Астана» ФК – 5,296 млн еуро

  • Чемпиондар Лигасы іріктеу кезеңінің бірінші айналымы – 280 мың еуро
  • Чемпиондар Лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымы – 380 мың еуро
  • Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымы – 280 мың еуро
  • Конференция Лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф раунды – 750 мың еуро
  • Конференция Лигасының топтық кезеңіне жолдама – 2,94 млн еуро
  • Конференция Лигасы тобындағы бір жеңіс үшін – 500 мың еуро
  • Конференция Лигасы тобындағы бір тең ойын – 166 мың еуро

«Тобыл» – 1,8 млн еуро

  • Конференция Лигасы іріктеу кезеңінің бірінші айналымы – 150 мың еуро
  • Конференция Лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымы – 350 мың еуро
  • Конференция Лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымы – 550 мың еуро
  • Конференция Лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф раунды – 750 мың еуро

«Ақтөбе» ФК – 900 мың еуро

  • Конференция Лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымы – 350 мың еуро
  • Конференция Лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымы – 550 мың еуро

«Ордабасы» ФК – 350 мың еуро

  • Конференция Лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымы – 350 мың еуро

Осылайша, қазақстандық төрт клуб биылғы еурокубок турнирлерінен жалпы сомасы 8,346 млн еуро табыс тауып отыр. Бұл ақшадан бөлек, еуромаусым аяқталғанда ТВ құқығы, демеушілер қаражаты мен билет сатылымынан түскен қаржыдан тағы алады.