Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ресей басылымы Черчесовтің сәтсіздігін мойындады

Редактор
31.12.2024, 19:40

Магомед Адиев кезінде Қазақстан құрамасының деңгейі көтерілгенін атап өткен

Getty images

Ресейдің Championat.com порталы «Ресейдегі жыл сюжеттері» атты мақала жариялап, оған Қазақстан құрамасын баптайтын Станислав Черчесов те енді.

«Магомед Адиев Қазақстан құрамасының көрсеткішін көтеріп, құрама Ұлттар лигасының екінші дивизионына шығып қана қоймай, соңына дейін Еуропа чемпионатының жолдамасына таласты. Сонан соң бапкер «Ахматты» баптауға кетті, ал оның орнына Станислав Черчесов тағайындалды. Дегенмен әзірге оның қолынан келер емес. Иә, Ұлттар лигасындағы қарсыластар өте күрделі — Беньямин Шешкосы бар Словения, Эрлинг Холанды бар Норвегия және Конрад Лаймері бар Австрия. Қазақстандықтар бұлардың барлығынан деңгей жағынан әлдеқайда төмен. Бірақ небәрі бір ұпай ғана еншілеп, 15 гол өткізіп, бір де бір гол соға алмайтындай емес шығар. Одан қалды 2018 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі баспасөз конференциясында қазақ тіліне қатысты әзіл айтамын деп екі рет басы дауға қалды. Себебі одан дәл осыны күтпегені анық», — деп жазды сайт.

Жарнама
Жарнама