Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Өзбекстандықтар Еуропаны жаулап жатыр

Редактор
05.01.2025, 21:29

Испаниялық ұжым өзбек футболшысын 100 мың еуроға сатып алған

Getty images

Ташкенттің «Локомотив» клубы мен Өзбекстанның жасөспірімдер құрамасының жартылай қорғаушысы Лазизбек Мирзаев Испанияның «Леганес» клубына ауысты.

Келісімшарттың мән-жайы әлі айтылған жоқ, дегенмен испаниялық ұжым өзбек футболшысын 100 мың еуроға сатып алғаны туралы ақпарат бар. Ал сарапшылар оны 350 мың еуроға бағалаған еді.

18 жастағы футболшы Испаниядағы жорығын жастар командасынан бастайды деген тұжырым бар. Негізі Лазизбектің Ташкент ұжымымен келісімшарты 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасалған еді.

2023 жылғы U-17 әлем чемпионатында Лазизбек Мирзаев Өзбекстан құрамасының капитаны болды. Ал 1/8 финалда Англияға қарсы ойында ол (2:1) шешуші голды соқты. Команда ширек финалда Франциядан ұтылды.

Сондай-ақ Англияның «Манчестер Сити» клубы Абдуқодир Хусанов бойынша «Ланспен» келіссөз бастағанын хабарлады.

Жарнама
Жарнама