Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Қызылжар» клубының бас бапкері Али Алиев қызметінен кетті

05.01.2025, 22:52

Ол петропавлдық командамен 86 матч өткізіп үлгерген

QFL

ҚПЛ-дың өткен маусымында СҚО-ның «Қызылжар» клубын жаттықтырған Али Алиев бұл қызметінен кетті. Ол алдағы уақытта ҚФФ-ға қызметке баруы мүмкін.

«Қызылжар» былтыр ел чемпионатын тоғызыншы орынмен аяқтады. 24 матч өткізген петропавлдық клуб 8 ойында жеңсе, 11-де жеңіліп, бес ойында тең нәтиже тіркеген.

44 жастағы Али Алиев болса «Қызылжарды» 2022 жылдан бері жаттықтырған. Ол командамен 86 матч өткізіп, оның 30-да жеңіске жетсе, 35-де жеңілген. Тағы 21 матч тең аяқталған.

Бейресми мәліметке сәйкес, Алиев жақын күндері футболдан Қазақстан жастар құрамасына бас бапкер болып тағайындалуы мүмкін.

Жарнама
Жарнама