Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіске» бас бапкер болып тағайындалды

Редактор
06.01.2025, 22:27

Ол бұған дейін «Мақтаарал» мен «Жетісу» командаларын жаттықтырған

Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстандық танымал футбол маманы, ұлттық құраманың экс-капитаны Қайрат Нұрдәулетов «Ертіске» бас бапкер болып тағайындалды. Бұл туралы павлодарлық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кету керек, «Ертіс» клубы былтыр қайта құрылып, ел чемпионатын екінші дивизионнан бастаған еді. Биыл команда Бірінші лигада бағын сынайды.

Ал, Қайрат Нұрдәулетовтің өзі 2002-2004 жылдар аралығында «Ертістің» сапында өнер көрсетіп, екі рет ел чемпионы атанған. Сонымен қатар, павлодарлық клубтан Ұлттық құрамаға шақырту алып, уақыт өте құраманың капитаны атанды.

Бұған дейін Нұрдәулетов Премьер-лигадағы «Мақтаарал» және «Жетісу»командаларының бас бапкері болған. Сонымен қатар, Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырды.

Жарнама
Жарнама