«Тобыл» құрамы Қазақстан жастар құрамасының ойыншысымен толықты

Редактор
25.12.2023, 12:10

Қостанайлық команда құрамын күшейтіп жатыр

Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Нұрғайни Бөрібаев «Тобыл» футбол клубының сапына қосылды. Бұл туралы қостанайлық команданың баспасөз қызметі хабарлаған.

Жас футболшымен келісімшарт үш жылға жасалған.

Нұрғайни мансабын 2018 жылы Екінші лигада «Астана Ж» сапында бастады. 2020 жылы «Оңтүстік академиясы» клубының қосалқы құрамында ойнады. 2021 жылдың басында ол «Тұранға» ауысты. Сол жылдың 19 сәуірінде «Каспий» клубына қарсы ойында Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасады. 2022 жылғы маусымда «Оқжетпеспен» келісімшартқа қол қойды.

Нұрғайни Бөрібаев Қазақстан жастар құрамасымен алты матч өткізді.