«Ордабасы» мен «Шахтер» ҚПЛ-ден шығарылуы мүмкін

Редактор
25.12.2023, 17:03

Талапқа сай келмейтін тағы үш клуб бар

KazFootball.kz

Қазақстан футбол федерациясы 2024 жылғы Премьер-лига талаптарына сай келмейтін командалардың тізімін анықтады деп хабарлады Федерациясының баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда ҚПЛ-де ойнап жүрген бес клубтың қаржылық немесе инфрақұрылымдық критерилер бойынша сәйкес келмейтіні белгілі болып отыр. Олардың қатарында «Жеңіс», «Жетісу», «Шахтер», «Мақтаарал» және «Ордабасы» бар.

Егер аталған командалар белгілі бір уақытта Лицензиялау комиссиясының талаптарын орындамаса, онда оларға келер жылы ҚПЛ-де ойнауға лицензия берілмейді.

Лицензиялау мерзімі 2024 жылдың ақпан айында аяқталады.