Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Хосеп Гвардиола 30 жыл отасқан әйелімен ажырасты

Редактор
14.01.2025, 01:37

Олардың үш баласы бар

IMAGO

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола 30 жыл бұрын отасқан әйелі Кристина Серрамен ажырасты деп жазады Sport.es.

Дереккөздің мәліметінше, Гвардиола мен Серра 2024 жылдың желтоқсанында құпия түрде ажырасқан. 

Жұлдызды жұп 1994 жылы некелескен болатын. Ол кезде Гвардиола «Барселона» сапында өнер көрсеткен. Ал, үйлену тойын олар 2014 жылы ғана жасады.

Алдын ала болжам бойынша, ерлі-зайыптының арасы 2016 жылдан бастап суып бастаған. Ол кезде Гвардиола «Манчестер Ситиге» бас бапкер болып тағайындалып, осы қалаға көшіп келеді. Ал, Серра болса өз бизнесін жүргізу үшін Барселона мен Лондон арасында негізгі уақытын өткізді. Екеуі тек отбасылық мерекелерде және қысқа мерзімді демалыстарда ғана кездесіп жүрген.

53 жастағы Гвардиола мен 52 жастағы Серраның ортақ үш баласы бар. Үлкені – Мария 24 жаста болса, Мариус – 22-де, ал кіші қыз Валентина биыл 18-ге толады.

Жарнама
Жарнама