Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Нәтиже жарты жылдан соң көрінеді»: Нұралы Әліп ерекше операция жасатты

Редактор
13.01.2025, 21:33

Футболшы операциядан соң 10 күн ештеңе істеуге болмайтынын атап өтті

ҚФФ

«Зенит» клубы мен Қазақстан құрамысының қақпашысы Нұралы Әліп қысқы үзіліс кезінде ерекше операцияны бастан кешірді.

Әліп Алматыдағы түркиялық клиникада шаш егу операциясын жасатты.

«Әзірге бірдеңе айту қиын. Себебі нәтиже жарты жылдан соң көрінеді. Процедура ұзаққа созылады екен: сағат 9-да басталған операция кешкі 18-де ғана аяқталды. Қатты ауыртпайды екен — ауруды басатын дәрі еккенде ғана жағымсыз болды. Сондықтан қазір біреуге кеңес бере алмаймын, кемінде тағы үш-төрт ай өтуі керек.

Операциядан соң физикалық тұрғыда 10 күн ештеңе істеуге болмайды. Сонан соң ғана жаттығуға кірістім. Бастысы, оқу-жаттығу жиындарында өз жағдайымды біліп алу», - деді Әліп клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Материалда: