Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақтардың көзі өтті ме? Өзбек футболшысын «Сити» алмайтын болды

Редактор
14.01.2025, 22:10

Олар бразилиялық орталық қорғаушы Витор Рейсті таңдады

kun.uz

Ағылшынның «Манчестер Сити» клубы бразилиялық орталық қорғаушы Витор Рейсті қатарына қосу туралы шешім қабылдады.

Инсайдер Фабрицио Романоның жазуынша, «қалалықтар» «Палмейрастың» 19 жастағы ойыншысы үшін 40 миллион еуро төлеуге дайын.

Zamin.uz сайтының мәліметінше, ағылшын клубы Өзбекстан құрамасының 20 жастағы қорғаушысы Абдукодир Хусановпен келісімшарт жасаудан бас тартқан.

Осы аптада Витор медициналық тексерістен өтіп, келісімшартқа отыруы керек.

Рейс – болашағынан үміт күттіретін ойыншы. Былтырғы маусымда 38 матчта екі гол соққан. Transfermarkt оны 14 миллион еуроға бағалаған.

Бұған дейін БАҚ беттерінде «Манчестер Ситидің» «Ланспен» Хусанов бойынша келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тарады. «Сити» өзбек футболшысы үшін 50 миллион еуро беруге дайын болған.

Жарнама
Жарнама