«Ордабасы» украиналық легионерге 454 млн теңге жалақы төлеген

Редактор
18.01.2025, 01:03

Ол ҚПЛ-дегі ең табысты ойыншылардың бірі атанып үлгерді

Ордабасы ФК

Footboom телеграм-арнасы Шымкенттің «Ордабасы» клубының украиналық экс-шабуылшысы қанша табыс тапқанын жариялады. 

«Артем Беседин «Ордабасы» сапында 1,5 жыл — 2023 жылғы шілде мен 2024 жылғы желтоқсанға дейін өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында қазақстандық клуб украиналық шабуылшыға 454 миллион теңге (860 мың доллар) төлеген. Бір қызығы, Бесединнің жалақысы айына 4 мың доллар болған, яғни осы аралықта ол 70 мың доллар алуы керек болған. Ал қалған табыс оған бонус ретінде (соғылған голдар, чемпиондық титут және т.б.) төленген.

2022 жыыл Қазақстанда футболшыларға айына 2 миллион теңгеден артық төлемеу туралы келісімшарт жасасу тәжірибесі енгізілді, қалған қаражат түрлі өтемақылар есебінен беріліп отырады (үздік легионерлер үшін қомақты бонустар қарастырылса, жергілікті ойыншылардың жалақысы олардан әлдеқайда аз). Себебі Қазақстан үкіметі жергілікті клубтарды қаржыландырғандықтан, бірнеше жылда бір рет бюджет қаражаты қайда жұмсалғаны туралы есеп береді. 

Айта кетерлігі, Беседин Қазақстан чемпионатындағы ең табысты футболшылардың бірі болды», — деп жазды телеграм-канал.

Еске салайық, 2024 жылы «Ордабасы» ҚПЛ-дегі ең «бай» командалардың бірі саналған. Қала әкімдігі клубтың 5 млрд теңгеге жуық қарызын жауып бергені өз алдына, тағы да осынша сомада бюджет берген. Ал, жуырда ғана әкім Ғабит Сыздықбеков «Ордабасыға» енді қаражаттың аз бөлінетінін айтқанымен, 2025 жыл шымкенттік клуб тағы бірнеше миллиард теңгені жаратуды жоспарлап отыр.