Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының экс-бапкері Хусанов туралы ойын айтты

Редактор
18.01.2025, 16:00

Ол Хусановтың посткеңестік аумақтағы ең үздік қорғаушы екенін атап өтті

Getty Images

«Ланстың» өзбекстандық қорғаушысы Абдукодир Хусановты Беларусьтің «Энергетик-БГУ» клубында жаттықтырған Павел Родненок өзінің бұрынғы шәкірті туралы пікір білдірді.

20 жастағы ойыншымен жұмыс істеген Родненоктың айтуынша, Хусанов посткеңестік аумақтағы ең үздік қорғаушылардың бірі.

«Ол ойында текетіресті өзі іздеп, допты алып қояды. Бізде доп алып қоюды ұмытқандар көп. Ойыншылардың басым бөлігі допқа таласқандай ғана көзбояушылық жасайды, ал ол шынымен алып қояды. Бұл оның бойындағы туабітті қасиеті. Біз сол қасиетін шыңдауға тырыстық.

Ол қазір посткеңестік елдердегі ең үздік қорғаушылардың бірі. Бұған оның құны да дәлел болса керек», - деді Родненок.

Айта кетейік, Родненок 2009 бен 2011 жылдар аралығында Қазақстанның жастар құрамасын жаттықтырған.

Жарнама
Жарнама