Словениялық «Копер» Рамазан Оразовтан бас тартты

Редактор
26.12.2023, 10:25

Клуб басшылары оның жалақысы мен көрсеткен ойын нәтижесі сәйкес емес деген ұйғарымға келген

ФК Копер

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов словениялық «Копер» клубынан кететін болды деп жазады Sports.ru.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің жазуынша, клубтың жаңа басшылары Оразовтың ойынына көңілі толмай, онымен келісімшартты шұғыл үзуді шешкен. 

«25 жастағы Оразов «Бонифика» стадионына биыл жазда «Тобылдан» келген. Сол уақыттан бері «Коперге» қызығушылық танытқан қазақстандық жанкүйерлердің саны артты. Аталған клубта ол 12 матч өткізіп, бір гол соқты. Оның келісімшарты келесі маусымның соңына дейін болатын. Бірақ, «Копер» басшылары қазақ футболшысының көрсеткен нәтижесі мен алып отырған жалақысы сай келмейді деп шешіпті. Сондықтан, келісімшартты мерзімінен бұрын үзуге шешім қабылданды», - делінген FootballPlanet жариялаған материалда.