Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық агенттің көмегімен Абдукодир Хусанов «Манчестер Ситимен» келісімшартқа отырды

Редактор
18.01.2025, 22:14

Енді ол 45-нөмірмен өнер көрсетеді

Getty images

Өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусанов өзінің агенті Ұлықбек Асанбаевпен бірге Манчестерге ұшып барды.

20 жастағы футболшы британиялық ұжыммен келісімшартқа қол қойған және енді 45-нөмірмен өнер көрсетеді. Келісімшартқа қол қою рәсіміне «қалалықтардың» бас бапкері Пеп Гвардиола қатысты. Негізі дәл осы Пеп Хусановтың қатарға қосылуына мүдделі болған еді.

Бұған дейін Өзбекстан құрамасының ойыншысы Беларусьтің «Энергетик-БГУ» клубында өнер көрсетіп, сонан соң француздың «Ланс» сапына ауысқан.

19 қаңтар күні «Манчестер Сити» клубы Англия чемпионаты аясында сырт алаңда «Ипсвич Таунмен» кездеседі. Ал 22 қаңтарда Чемпиондар лигасында ПСЖ-ға қонаққа барады.

Жарнама
Жарнама