Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Зенит» Нұралы Әліпті сата ма? Ресейлік блогер ойын айтты

Редактор
20.01.2025, 16:31

Оның сөзінше, «Зенитте» ойыншы саны тым көп

ФК "Зенит"

Ресейлік блогер Андрей Савин «Зенит» клубы қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліпті сатуы мүмкін деген болжамға қатысты ойын айтты.

Автордың сөзінше, «Зенитте» ойыншы саны тым көп.

«Тазарту керек. Бірінші кезекте, қорғаныс шебінде тазарту жұмыстарын жүргізу қажет. Қорғаныста Нино, Страхиня Эракович, Нұралы Әліп, Родригао, Чистяков бар. Қаңтардың соңында Дркушич келеді. Алты ойыншы дегеніміз тым көп. Кіммен қоштасу керек дегенге келсек, олар – Чистяков пен Родригао», - деді Андрей Савин.

Ол Нұралы Әліптің Эраковичпен бәсекелестікте жеңгенін алға тартты.

Айта кетейік, 2024-2025 маусымда Ресей Премьер-лигасында Нұралы Әліп 12 матч өткізіп, бір гол соқты. Оның «Зенитпен» келісімшарты 2028 жылғы маусымға дейін есептелген.

Ол Санкт-Петербург клубының сапындағы дебюті 2022 жылдың басында өтті.

Жарнама
Жарнама

Материалда: