Мұрат Тілешов – «Оқжетпес» футбол клубының директоры

Редактор
21.01.2025, 10:21

Клуб бивл Премьер-лигаға қайта оралды

ФК “Тұран”

Мұрат Тілешов «Оқжетпес» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мұрат Тілешев – Жамбыл облысы футболының түлегі. Ол футболшы ретінде Қазақстанның 9 клубында өнер көрсетті. Мансабында үш мәрте ел чемпионы болып, премьер-лиганың үздік сұрмергені атанды.

Футболшы мансабы аяқталғаннан кейін, Қазақстан футбол федерациясында жұмыс істеді. Сондай-ақ, «Шахтер», «Ақтөбе» және «Тұран» клубтарында спорт директоры қызметін атқарды.

«Оқжетпес» болса былтыр Бірінші лигада чемпион атанып, биыл Премьер-лигаға қайта оралады. Клуб қазіргі таңда Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Материалда: