Давид Лория ҚФФ вице-президенті болып тағайындалды

Редактор
21.01.2025, 16:08

Лория былтыр федерация президенттігіне өзін ұсынған еді

ФК "Астана"

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болып тағайындалды.

Естеріңізде болса, Лория былтыр федерация президенттігіне үміткерлер тізіміне өзін ұсынып, сонан соң сайлауға түсуден бас тартқан.

Давид Лория футболшы мансабында «Жеңіс», «Есіл», «Шахтер», «Хальмстад» (Швеция), «Спартак-Нальчик» (Ресей), «Астана», «Ертіс», «Ризеспор» (Түркия), «Қайрат», «Каршияка» (Түркия), «Ордабасы» клубтарында ойнады. Қазақстан ұлттық құрамасында 47 ойын өткізіп, қақпашылар арасында рекорд жасады.
1999 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда өткен әлем чемпионатына қатысты.

Мансабын аяқтағаннан кейін ол «Астана» футбол клубында, Астана қаласының футбол федерациясында және «Super Bol» жобасында басшылық қызметтер атқарды.

2019-2022 жылдары УЕФА UEFA MIP – UEFA Executive Master for International Players магистрлік бағдарламасы бойынша спорт менеджменті саласында білім алды.