Роналду командасына жеңіс сыйлап, өз рекордын өзі жаңартты (ВИДЕО)

Редактор
22.01.2025, 08:50

Ол 1000 голдық межеге жетуі үшін тағы 81 гол соғуы керек

instagram.com/alnassr/

Португалия құрамасы мен саудиялық «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду ел чемпионатындағы бомбардирлер көшін бастады.

Футболдан Сауд Арабиясы чемпионатының 16-турында «Әл-Наср» «Әл-Хадидж» клубына қонаққа барып, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Роналду аталған матчта дубль жасап (65 және 90+8 минуттарда), ойынның басты қаһарманына айналды. Қонақтар сапынан үшінші голды Сұлтан әл-Ганам соққан (81-минутта).

Осылайша португалдық шабуылшының жеке голдарының саны 919-ға жетіп, ол өз рекордын өзі жаңартты. Бұған дейін Роналду көрсеткішін 1000 голға дейін жеткізуді өзіне мақсат тұтқан болатын.

Сауд Арабиясы чемпионатында Роналду 13 голмен бомбардирлер көшін бастады. «Әл-Наср» болса турнир кестесінің үшінші сатысында тұр.