Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Челси» Дастан Сәтпаев үшін 4,3 млн еуро төлейді

Редактор
23.01.2025, 21:49

Бұл қазақстандық футбол тарихындағы рекордтық келісім

t.me/sportilinet

«Челси» қазақстандық жас футболшыны 4,3 миллион еуроға сатып алмақ.

Ресейлік инсайдер Иван Карпов «Челси» клубы «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев үшін қомақты қаражат төлеуге дайын екендігін алға тартты.

Инсайдердің мәліметінше, «ақсүйектер» алматылық футболшы үшін 4,3 миллион еуро береді. Бұл қазақстандық футбол тарихындағы рекордтық келісім.

«Соның ішінде 2,4 миллион еуро – нақты төлем, ал қалғаны «Қайрат» немесе жалға берілген өзге клуб сапында өткізген ойындары үшін бонус ретінде қарастырылады. Бес жылдық келісімшарт 2026 жылы – Дастан 18 жасқа толғанда күшіне енеді.

Бұған дейін «Қайрат» Нұралы Әліпті «Зенитке» 2 миллион еуроға сатып рекорд орнатқан.

Сәтпаевқа қызығушылық танытқандар арасында «Зальцбург», «Байер», «Бенфика» мен «Реал Сосьедад» бар. Алайда «Челси» Дастанды өз қатарында көру үшін барын салды», - деді Карп.

Жарнама
Жарнама