Дастан Сәтпаев «Челсиде»: ағылшын жанкүйерлері бұл жаңалықты қалай қабылдады

Редактор
24.01.2025, 11:52

Фабрицио Романоның сөзінше, «Челси» 16 жасар қазақстандық үшін 4 миллион еуро төлейді

"Қайрат" ФК

«Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың ағылшынның «Челси» клубына ауысқанын бірнеше инсайдер растады. Бүгінде бұл ақпарат «ақсүйектер» клубы жанкүйерлерінің қызу талқысына түскен.

Инсайдер Фабрицио Романоның сөзінше, «Челси» 16 жасар қазақстандық үшін 4 миллион еуро төлейді. Бұл – қазақстандық премьер-лига үшін тарихи сома. Лондон клубының жанкүйерлері бұл трансфер сәтті болады деген үмітте, дегенмен жас футболшының болашағы үшін алаңдайтындар да бар.

«Бұл кім өзі? Соншалықты мықты ма?»; «Бұл жігіт жақсы ойнайды деп үміттенемін»; «Сонда ол 18 жасқа келесі жылы тола ма? Жалға беріп отырады ғой сонда? Бұл жігіттің «Челси» сапында қартайғанда ойнайтынын көретін шығармын, тіпті мүлде көрмеуім де мүмкін»;

«2008 жылғы... бәріміз қартайып кетіппіз ғой»; «Клуб болашақ үшін футболшыларды тізімге қосып жатыр, бірақ бүгінгі күнді ойламайтыны қызық», – деп жазды оқырмандар.

Жанкүйерлер арасында Сәтпаевқа сәттілік тілеп жатқандар да аз емес.

«2008 жылғы ойыншы үшін 4 миллион еуроға келісім жасау деген... «Челси» шынымен де болашаққа жоспар құрып отырған секілді. Егер Премьер-лиганың жылдамдығына ілесе алса, Дастан Сәтпаевты керемет жол күтіп тұр»;

«Қазақстан футбол сахнасы дәл қазір алға қарай үлкен қадам жасады! Рекордтық трансфер, «Челсимен» бес жылдық келісімшарт – Дастан Сәтпаев үшін керемет кезең. Ол үмітті ақтайды деп сенемін»;

«2030 жылы әлемнің үздік сұрмергені атанады»;
«Ол Сака мен Мартинеллиді («Арсенал» ойыншылары) қоса есептегенде, екеуінен мықты болып тұр ғой», – деп пікір қалдырды.

Кейбірі Дастанды «ақсүйектер» сапында ойнайтын аргентиналық Энцо Фернандеске ұқсатқан.

«Ол Энцоның інісі емес пе?»;
«Энцо Фернандеске қатты ұқсайтын сиықты! Әсіресе шаш үлгісі», – дейді.

Материалда: