Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Өзбек тілін үйренуіме тура келетін шығар – Гвардиола

Редактор
26.01.2025, 12:25

Өзбекстандық қорғаушы ағылшын тілінде сөйлей алмайды

Getty Images

«Манчестер Сити» клубының бас баркері Пеп Гвардиола өзбекстандық Абдукодир Хусановпен қалай әңгімелесетінін айтты.

20 жастағы қорғаушы «Манчестер Ситидің» «Челси» клубына қарсы матчында (3:1) дебютін өткізді. Ол бастапқы төрт минутта үлкен қателік жасап, «сары қағаз» алды.

«Қалалықтардың» бас бапкерінен тілші «Хусановты 5-минуттан соң ауыстыру туралы ойлаған жоқсыз ба?» деп сұрады.

«Мен онымен сөйлескен жоқпын, себебі ол ағылшынша білмейді. Онымен сөйлесу үшін орыс немесе өзбек тілін үйренуіме тура келетін шығар», – деді Гвардиола.

Айта кетейік, кешегі матчта «Манчестер Сити» Хусановтың қателігінен үшінші минутта өз қақпасына гол жіберіп алды. Арада екі минут өткенде өзбек қорғаушысы ереже бұзып, «сары қағаз» алды. Десе де, «Мансити» бұл ойында камбэк жасап, жеңіске жете алды.

Еске салайық, «Манчестер Сити» Абдукодир Хусановты «Ланстан» 40 млн еуроға сатып алды.

Жарнама
Жарнама