«Қайрат» пен «Борац» ойыншылары алаңда жаппай төбелесті (ВИДЕО)

Редактор
29.01.2025, 23:19

Төбелеске футболшылардан бөлек, команда қызметкерлері де араласып кеткен

Қайрат ФК

Алматының «Қайрат» клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында босниялық «Борацпен» жолдастық кездесу өткізді.

Бұл ойында гол соғылған жоқ. Ал, матч соңында «Борац» ойыншылары пенальти сала алмай қалды.

Есесіне төреші ысқырығынан соң футболшылар төбелесіп қалды. Бұған себеп – «Қайрат» футболшысы қарсыласын баспен ұрып жіберген. Мұның арты ойыншылар мен команда мүшелерінің жаға жыртысуына алып барды. Абырой болғанда, ешкім жарақат алмады.

«Борац» – Босния және Герцеговина елінің чемпионы. Клуб Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өткен. 

Ал «Қайрат» келесі жолдастық кездесуін Грузияның су жаңа чемпионы «Ибериямен» қарсы өткізеді.