Жарыста негізінен посткеңестік елдердің командалары бақ сынайды
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 16-21 ақпан аралығында Минскте (Беларусь) өтетін «Даму кубогы» халықаралық турнирінде ойнайды. Қазақстан U-17 құрамасының оқу-жаттығу жиыны 8 ақпанда Талғардағы ҚФФ құрама командалары базасында өтеді.
Жарысқа сегіз команда қатысады: Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей, Иран, Тәжікстан (бәрі – U17) және бразилиялық BSA Academy командасы. Командалар екі топқа бөлінеді. «Б» тобында біздің команда Иран, Тәжікстан және Ресей құрамаларымен ойнайды. «А» тобы Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан және BSA Academy командалары бақ сынасады.
Даму кубогы-2025 матчтарының кестесі (Қазақстан уақыты көрсетілген):
16 ақпан (жексенбі)
17 ақпан (дүйсенбі)
19 ақпан (сәрсенбі)
21 ақпан (жұма)