Лео Игита әлемнің ең үздік қақпашысы атануы мүмкін

Редактор
28.12.2023, 07:30

Бұл атақты ол бес рет жеңіп алған

Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасының және «Қайрат» клубының қақпашысы Лео Игита әлемнің ең үздік қақпашысы атағына ұсынылды.

Айта кету керек, бұған дейін Игита бұл атақты бес рет жеңіп алған болатын (2015, 2016, 2018, 2019, 2020 жылдары).

«Мен тағы да жылдың үздік қақпашысы атағына ұсынылдым. Ең үздіктердің қатарында болғаныма және бала кезде армандаған жетістіктеріме асыра қол жеткізгеніме қуаныштымын. «Қайратқа», Қазақстан құрамасына, командадағы достарыма, бапкерлеріме және әйеліме ерекше алғыс айтқым келеді. Ол менің ұлы болуыма себепкер адам. Рахмет!» - деп жазды Игита өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кету керек, Бразилия тумасы Игита 2009 жылдан бері Қазақстанда доп теуіп жүр. Алдымен ол қарағандылық «Тұлпардың» намысын қорғаса, 2011 жылы «Қайратқа» ауысты. Ал, 2013 жылдан бастап Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құраманың қақпасын күзете бастады.

Материалда: