Қазақ футболшысы әзірге ресейлік клубпен одан әрі жұмыс істейтінін мәлімдеді
Футболдан Қазақстан құрамасының және мәскеулік «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліпке мадридтік «Реал» қызығушылық танытты еген сыбыстың шыққаны сол екен, қазақстандық жанкүйерлер әлеуметтік желідегі белсенділігін арттырды. Атап айтқанда, испандық клубтың Instagram-парақшасын «шабуылдаған».
«Реал» парақшасында жарияланған соңғы жазбалардың астында қазақ жанкүйерлері көк туымызды «желбіретіп», корольдік клубтың басшыларынан Нұралы Әліппен келісімшарт жасауды талап етуде деп жазады Tengri Sport.
Айта кету керек, Әліпке мадридтік «Реалдың» қызығушылық танытқаны туралы ақпарат ең бірінші болып отандық Telegram-каналдардың бірінде жарияланды. Артынша бұл сыбысты ресми БАҚ өкілдері көшіріп басқан. Алайда, күні кеше Нұралы Әліптің ресми өкілдері «Реалдан» ешқандай ұсыныс келмегенін, олар әзірге ресейлік «Зенитпен» одан әрі жұмс жүргізетінін мәлімдеді.