«Роналду жақсы, Месси жаман адамдарға ақша береді»: UFC файтері Мессиді ауыр айыптады (ВИДЕО)

Редактор
30.01.2025, 23:57

Оның сөзінше, аргентиналық футболшы Изратльді қаржылай қолдаған

Getty Images

«Шара Буллет» лақап атымен танымал ресейлік аралас жекпе-жек шебері Шарабутдин Магомедов футболдан Аргентина құрамасы мен «Интер Майами» клубының даңқты ойыншысы Лионель Мессиді Израильді қолдағаны үшін сынап тастады. 

Шара Буллет 1 ақпан күні Сауд Арабиясындағы UFC турнирінде американдық Майкл Пейджбен жекпе-жек өткізеді.  

«Спортшының кім екенін алаңдағы ойыны ғана емес, оның алаңнан тыс жердегі әрекеттері де көрсетеді. Криштиану мұқтаж адамдарға көмектесу, қолдау арқылы өзгелерге үлгі болып жүр. Ол денсаулыққа зияны бар нәрселер туралы да үнсіз қалмайды. Қиын жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созады. Ол барлық жағынан pound for pound (салмақ дәрежесінен қарамай-ақ мықты).

Ал, Месси керісінше, жаман адамдарға жақсы адамдарды өлтіруге көмектеседі. Ол Израильге демеушілік жасап жүр», — деді Шара Буллет баспасөз конференциясында.