Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» үй ойындарын Шымкентте емес, Түркістанда өткізетін болды

Редактор
31.01.2025, 14:31

«Астана» болса өз стадионына оралды

Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстанның экс-чемпиондары «Ордабасы» клубы үйдегі ойындарын әдеттегідей Шымкенттемес, Түркістанда өткізетін болды. Бұл туралы Meta-ratings.kz жазды.

Шымкенттегі «Қажымұқан» атындағы орталық стадион күрделі жөндеу жұмыстарына жабылғандықтан, «Ордабасы» қонақ командаларды «Түркістан Аренада» қабылдайды. Бұл стадионда сондай-ақ, «Тұран» клубы да үй матчтарын өткізеді. Бұған дейін қос команда Шымкенттің стадионын ортақ пайдаланған еді.

Айта кету керек, «Ордабасы» биыл Конференция лигасында өнер көрсетеді. Шымкенттік клубтың еуропалық қонақтармен қай алаңда ойнайтыны әлі шешілген жоқ.

Еске салайық, «Астана» командасы да биылдан бастап өз стадионы – «Астана Аренаға» оралды. Нысан көшпенділер ойынынан кейін күрделі жөндеуден өткен. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 15 млрд теңге жұмсалыпты. Шымкенттегі стадионға жергілікті әкімдік қанша теңге жарататыны әзірге белгісіз.

Жарнама
Жарнама