Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Тобыл» ойыншысы Қазақстан мен Ресей футболшыларының жалақысын салыстырды

Редактор
31.01.2025, 15:57

Ол ресейлік топ-клубтар әлдеқайда көп табыс табатынын айтады

ФК "Тобол"

«Тобыл» қорғаушысы Иван Миладинович «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында Қостанайда өмір сүру Ресей мен Сербиядан қарағанда анағұрлым арзан екенін айтты.

Сонымен қатар ол ресейлік топ-клубтар ҚПЛ командаларына қарағанда әлдеқайда көп табыс табатынын да қоса кетті.

– Ресей мен Қазақстандағы өмірді салыстырсақ, қай жақта өмір сүру қымбатырақ?

– Меніңше, Сербия мен Ресейге қарағанда Қостанайда өмір сүру әлдеқайда арзан. Мен Сочиде тұрдым, ол Ресейдегі ең қымбат қалалардың бірі. Туристік орын болғандықтан, бағалар ұшып кетеді. Сербия мен Қазақстанға қарағанда Мәскеуде де қымбат.

– Ресей мен Қазақстан футболшыларының жалақысында айырмашылық үлкен бе?

– Әркім өзіне қолайлы жағдайға келіседі ғой. Бірақ Қазақстанда «Спартак», «Динамо», «Локомотив», ЦСКА-дағыдай жалақы жоқ. Ресейде футболшылар шынымен де көп табады. Бірақ қазақстандық футболшылар РПЛ туралы ғана армандайды деп айта алмаймын. Әрине, Ресейге кеткісі келетіндер бар. Бірақ Еуропада бақ сынағысы келетіндер де аз емес.

Жарнама
Жарнама