«Игита тамақтан уланып қалды»: футзалдан Қазақстан құрамасы Даниядан жеңілді

Редактор
Бүгін, 00:00

Қарымта матч 5 ақпанда Астанада өтеді

Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан құрамасы футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің үшінші турында күтпеген жерден Даниядан жеңіліп қалды.

Матч Данияның Сённерборг қаласында өтті. Ойын 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Қазақстан сапынан қақпашы Нарун Серіков пен Дәурен Тұрсағұлов көзге түсті.

Ұлттық құраманың капитаны Игита тамақтан уланып, бұл матчқа қатыса алмады. 

Енді 5 ақпанда дәл осы Даниямен Астанада қарымта матч өтпек.

Кака жаттықтыратын ұлттық құрама қазір өз тобында үш турдан кейін 4 ұпай жинаған. Көш басында Армения жайғасқан. Оларда 7 ұпай бар. Албания мен Дания әзірге 3 ұпайдан еншіледі.

Айта кетейік, топ жеңімпаздары Еуро-2026 финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Екінші орын алған 8 үздік команда 2025 жылдың қыркүйегінде плей-оффта бақ сынайды.

Чемпионаттың финалдық кезеңі 2026 жылдың 18 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Латвия мен Литвада өтеді.