«Қайсармен» жылап қоштасқан легионерлер Түркістан клубына ауысты

Редактор
Бүгін, 11:46

«Тұранның» шетелдік ойыншыларға жалақыны қалай тауып беретіні әзірге белгісіз

Қайсар ФК

Жақында легионерлерсіз ойнаймыз деген соң, Қызылорданың «Қайсар» клубының шетелдік ойыншылары командадан кеткен болатын. Бірақ жылап қоштасқан футболшылар Қазақстаннан алысқа ұзамады.

Атап айтсақ, Руслан Юденков, Василий Совпель, Горан Милойко және Йован Пайович көршілес облыс Түркістанның «Тұран» клубының оқу-жаттығу жиынына қосылды.

Василий Совпель былтырғы маусымда барлық турнирде 23 ойын өткізіп, 4 гол соғып, екі нәтижелі пас берген. Ал, Юденков 24 ойында 4 гол және екі нәтижелі паспен көзге түскен. Йован Пайович 20 ойынға қатысқан. Горан Милойко «Қайсарда» екі маусым өнер көрсетіп, 43 ойынға қатысқан (5 гол соққан).

Еске салсақ, биылғы маусымда Қызылорда облысының клубы тек қазақстандық ойыншылармен өнер көрсетуді көздеп отыр.

Материалда: