Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Роналдо қазақ футболшысын Испания чемпионатының төменгі дивизионына түсіріп тастады

Редактор
04.02.2025, 12:21

Оған ойын тәжірибесі жетіспейді деген шешім шығарылған

ФК "Реал Вальядолид"

Испаниялық «Реал Вальядолид» клубының сапында болған қазақ футболшысы Мұхамед Еңсебаев төртінші дивизиондағы клубта ойнайтын болды.

Семейлік футболшы Испанияға былтыр сәуір айында көшіп барған еді. Ол «Реал Вальядолид» бапкерлерін қызықтырып, сонда қалып қойған. Алайда, клуб басшылары Еңсебаевқа ойын тәжірибесі керек деп, оны төртінші дивизиондағы «Сеута Б» клубына жалға берді. Маусым соңына дейін ол аталған команда сапында өнер көрсетеді.

Мұхамед Еңсебаев бұған дейін «Елімай» сапында ойнап, Бірінші лиганың чемпионы атанды. Ол сондай-ақ, Қазақстанның жастар мен жасөспірімдер құрамасында да өнер көрсетті.

Айта кету керек, «Реал Вальядолид» клубына Бразилияның әйгілі футболшысы Роналдо иелік етеді. Команда Ла Лигада өнер көрсеткенімен, турнир кестесінің соңғы орнында келеді, яғни келер маусымда Сегунда дивизионына төмендеуі әбден ықтимал.

Клуб өзге қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдиновке қызығушылық танытқанын бұған дейін жазғанбыз. Испандықтар оны «Бешикташтан» жалға алмақшы. Алайда, стамбұлдық ұжым қазақстандық үшін 5 млн еуро сұрап отыр.

Жарнама
Жарнама