Әлиев Черчесовтің кезінде құрамаға шақырылмаған ойыншыларды Түркияда жинамақ

Редактор
09.02.2025, 18:08

Ұлттық құрама іріктеу кезеңін 23 наурыз күні сырт алаңда Уэльске қарсы ойынмен бастайды

көрнекі фотосурет: ҚФФ

Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Әли Әлиев 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.

Тізімге негізінен Станислав Черчесовтің тұсында құрамаға ілінбеген ойыншылар шақырылды. Әлиев олардың әлеуетін байқап көрмекші. Оқу-жаттығу жиыны 10-18 ақпан күндері Түркияның Белек қаласында өтеді. 

Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Дінмұхаммед Жомарт («Жеңіс»), Нұрасыл Тоқтаров («Атырау»);

Қорғаушылар: Ұлар Жақсыбаев («Ордабасы»), Ади Адамбаев, Алмас Төлібай (екеуі – «Елімай»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Асқар Сатышев («Тұран»), Амандық Набиханов («Атырау»);

Жартылай қорғаушылар: Абылайхан Назымханов («Елімай»), Серікжан Мужиков, Ален Айманов («Жетісу»), Жаслан Жұмашев, Наурызбек Жагоров, Мейрамбек Қалмырза, Данияр Үсенов (бәрі – «Тобыл»), Равиль Атыханов («Атырау»), Давид Есімбеков («Черноморец», Ресей);

Шабуылшылар: Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Оралхан Өміртаев, Айбар Абдулла («Ақтөбе»);

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльс, Лихтенштейн, Солтүстік Македония және Бельгия командаларымен бірге J тобына түсті.

Ұлттық құрама іріктеу кезеңін 23 наурыз күні сырт алаңда Уэльске қарсы ойынмен бастайды. Үш күннен соң Лихтенштейнмен кездесеміз. Екі ойын да сырт алаңда өтеді.