Ойындағы жалғыз голды Альваро Морато соққан
Туркия Суперлигасының 23-туры аясында «Галатасарай» мен «Адана Демирспор» клубтары ойнаған болатын. Матч 30-минуттан кейін үзіліп, тағдыры белгісіз күйде қалды.
Ойынның тоқтауына «Адана Демироспор» командасының алаңнан кетіп қалуы себеп болды. 0:1 есебімен жеңіліп жатқан қонақтардың қақпасына төреші пенальти белгілегеннен кейін ойыншылар да, клуб бапкері де бұл шешіммен келіспейтінін айтып, футбол ойнаудан бас тартты.
«Адана Демирспордың» қазақстандық шабуылшысы Абат Айымбетов негізгі құрамда алаңға шыққанымен, 30 минутта айтарлықтай нәтиже көрсете алмады.
«Галатасарай» қазіргі таңда турнир кестесінің көшін бастап келеді. «Адана Демирспор» болса соңғы орында. Команда келер аусымда төменгі дивизионда ойнауы әбден мүмкін.