Ол қазір Англия чемпионатына бейімделіп жатыр
«Манчестер Сити» клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусанов ойынына қатысты пікір білдірді.
Сенбінің кешінде «Манестер Сити» Англия премьер-лигасының 25-турында «Ныюкасл» клубын 4:0 есебімен жеңді. Өзбекстандық футболшы алаңға алғашқы минуттан шығып, толық ойнап шықты.
«Хусановты біз жылдамдығы үшін сатып алдық. Ол өте тез ойнайтын футболшы. Алайда Абдукодир допқа талас кезінде шамасы жетпесе, тым қатты агрессияға беріледі. Әлі де Англияға бейімделуі тиіс. Бұл уақыттың еншісіндегі жағдай. Барлығын үйренетін болады», - деді Хосеп Гвардиола.
Айта кетейік, 20 жастағы қорғаушы жаңа командасы сапында үш матч өткізіп, бір гол соғып үлгерді. «Манчестер Сити» оны «Ланстан» 40 млн еуроға сатып алған.