Өзбекстан футболшылары маңызды жеңіске жетіп, Азия кубогінің плей-офф кезеңіне шықты

Редактор
17.02.2025, 00:05

Алда оларды азулы Иран құрамасы күтіп тұр

instagram.com/uzbekistanfa

Футболдан Өзбекстанның 20 жасқа дейінгі құрамасы Азия кубогінің плей-офф кезеңіне жолдама алды. Топтық кезеңде өзбек жастары Индонезия құрамасымен кездесіп, 3:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Бірінші таймда командалар бір-бір голдан соқты. Алдымен Өзбекстан сапынан Мухаммадали Уринбаев есеп ашса (21-минут), араға екі минут салып Йенс Равен таразы басын теңестіріп кетті.

Екінші тайм басталған тұста Абдугафур Хайдаров (47-минут) өзбектерді алға шығарды. Ал, 63-минутта Сайдумархон Саиднуруллаев үшінші голды соғып, матчтағы нүктені қойды.

19 ақпанда Өзбекстан C тобындағы бірінші орын үшін Иран құрамасымен ойнайды. Қос команда да алты ұпайдан еншілеп, плей-офф жолдамасының мәселесін шешіп тастаған.