Жаңа маусымда ақтөбелік команда бірнеше легионермен ойнайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық спортқа легионер тартуды шектеу туралы тапсырмасына қарамастан «Ақтөбе» футбол клубы қымбат бағаға шетелдік ойыншыны сатыцп алды. «Серый CARDINAL» телеграм-каналының жазуынша, ақтөбелік клуб нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиуды өз қатарына қосқан.
Рабиу кешеге дейін «Скендербеу» (Албания) командасының намысын қорғаған. Бүгін ол Италияға ұшып келді. Бұдан әрі Қазақстанға жол жүреді. Дереккөздің мәліметінше, африкалық ойыншымен контракт түізіліп, қол қойылған.
Transfermarkt сайтында Рабиудың нарықтағы құны 300 мың еуро (156 млн теңге) деп көрсетілген. «Ақтөбе» оны қанша ақшаға сатып алғаны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, былтыр Париж Олимпиадасынан кейін спортшылармен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік спортшыларды Қазақстанға лек-легімен әкелуді тоқтату керектігін айтқан болатын.