Ресей посткеңестік елдердің чемпионатын өткізгісі келеді: Қазақстан бұған қарсы

Редактор
17.02.2025, 11:26

Мұндай идечяны алғаш рет Ресей футболының аңызы Андрей Аршавин көтерген

Асқар Есімов. Фото: ФК "Қайрат"

Украинаға соғыс ашқалы әлемдік футболдан шеттетілген Ресей посткеңестік елдердің басын қосып, жаңа лига құруға ниеттеніп жүр. Мұны елдегі спорт фукционерлері бірнеше рет айтқан. Алайда, қазақстандық «Қайраттың» басшылығы бұл идеяның абсурд екенін жасырмады.

«РБ Спорт» басылымына сұхбат берген «Қайраттың» директоры Асқар Есімов Ресей үшін Еуропа футболынан бас тартпайтынын ашып айтты.

«Біріккен лига дегенді түсінбеймін. Біз өз ұлттық лигамызда ойнап жүрміз. Сол арқылы еурокубокқа жолдама алып жүрміз. Ал мұндай біріккен лига дегенді мүлдем қарастырмадық. Бұл мүмкін емес», - дейді Асқар Есімов.

Біріккен лига құру идеясы «Қайраттың» экс-ойыншысы, Ресей футболының аңызы Андрей Аршваиннің тарапынан шыққан екен. Ол 2022 жылдың қарашасында Лимож университетін тәмамдап, дипломын қорғаған. Ал, дипломлық жұмыстың тақырыбы – Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь елдерінің командаларын біріктіріп, чемпионат өткізу.