Сондай-ақ, оның үстінен УЕФА мен ФИФА-ға да шағым түсіреді
«Галатасарай» футбол клубының баспасөз қызметі португалдық маман, «Фенербахченің» бас бапкері Жозе Моуриньюді қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деп есептейді.
Күні кеше қос команда өзара ойнап, 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын. Матчтан кейін Моуринью «Галатасарай» өкілдері орындыққа маймыл секілді секірді деп пікір білдірді.
«Түркияда жұмысқа кіріскен уақыттан бастап «Фенербахче» бапкері Жозе Моуринью үнемі түрік халықна қатысты үнемі жаман пікір айтумен келеді. Ал, оның бүгінгі айтқан пікірі мүлдем анайы болды, адамдықтың шекарасынан шығып кетті. Біз оның үстінен нәсілшілдікті қоздырды деп қылмыстық жауапкершілікке тартылуын талап етеміз, УЕФА мен ФИФА-ға шағым түсіреміз», - деп жазылған «Галатасарй» клубының таратқан ресми мәлімдемесінде.
Айта кетейік, «Галатасарай» Түркия чемпионатының көшін бастап келеді. «Фенербахче» болса екінші орында.