Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаев әлемдегі ең қымбат футболшылардың қатарына енді

Редактор
26.02.2025, 09:12

Әлемдік рейтинте Дастан Сатпаев өз жасындағы ойыншылар арасында 13-орында тұр

ҚФФ

Лондонның «Челси» клубымен келісімшартқа отырған алматылық «Қайраттың» 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың трансферлік құны 500 мың еуро (261,7 миллион теңге) деп бағаланды. Бұл көрсеткіш «Қайраттың» Суперкубоктағы жеңісінен кейін Transfermarkt порталында жаңартылды.

Қазақстандық футболшылар арасында Сәтпаев ең қымбат ойыншылар тізімінде 16-орынға жайғасты. Бұл тізімде сондай-ақ Абат Айымбетов, Ян Вороговский, Стасо Покатилов, Рамазан Оразов, Игорь Шацкий және басқа да танымал футболшылар бар.

Әлемдік рейтингке сәйкес, Дастан Сатпаев өз жасындағы ойыншылар арасында 13-орында тұр. Бұл тізімде ол «Барселона», «Арсенал», «Атлетик Бильбао» сияқты топ-клубтардың жас таланттарымен қатар аталады. Дегенмен, Transfermarkt белгілеген 500 мың еуролық сома «Челси» клубының қазақстандық ойыншы үшін төлеген бағасынан әлдеқайда төмен.

Бұған дейін беделді футбол инсайдері Фабрицио Романо әлеуметтік желіде лондондық клубтың Дастан Сәтпаев үшін 4 миллион еуро (2 миллиард теңге) төлегенін мәлімдеген болатын.

Жарнама
Жарнама